
2025 жылғы 05 мамыр күні Жангелдин аудандық мемлекеттік архиві қызметкерлерінің ұйымдастырумен Торғай селосының Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 3 сынып оқушыларымен 1941-1945 жылғы Ұлы Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай «Ерлік-ұмытылмайды» атты экскурсия өткізілді.
Экскурсия мақсаты Ұлы Жеңістің маңызын ұғындыру, дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрибиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту. Жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Қатысушыларға архивте сақталған Ұлы Отан соғысындағы 1941-1945 жылғы Еңбек майданы ардагерлерінің жеке тектік құжаттарымен таныстырылды.
Сонымен қатар оқушыларға латын тілінде жазылған жеке құрам бойынша бұйрық кітаптары көрсетілді және 10 жылдық бітірген аттестат беру журналынан ата-аналарын бағаларын көріп мәз болды. Оқушылар жүргізілген экскурсия өте қызықты өткенін айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/990357?lang=kk
Жауап қалдыру