
19–26 сәуір аралығында ҰҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталығы бөлімінің үйлестіруімен әуежай, теміржол вокзалы және автовокзал аумақтарында көлік инфрақұрылымы нысандарында терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша нұсқаулықтар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – көлік нысандары қызметкерлерінің, желілік полиция бөлімшелері мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің террорлық қауіп-қатер жағдайында әрекет етуге дайындығын арттыру және алдын алу, сондай-ақ дағдарыстық жағдай туындаған кезде бастапқы және кезек күттірмейтін іс-қимыл алгоритмін жеткізу.
Нұсқаулық барысында түсіндірілді:
- Терроризм қауіпінің белгілері анықталған кездегі іс-қимыл алгоритмі;
- Құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл тәртібі;
- Эвакуациялау, аумақты күзету және азаматтар арасында үрейдің алдын алу қағидаттары;
- Бастапқы әрекет ету шараларын қамтамасыз ету;
- Күдік тудыратын заттар мен адамдар анықталған кездегі іс-қимыл тәртібі.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға терроризмге қатысты қауіп-қатерлерге ден қоюдың негізгі аспектілері түсіндірілді. Әсіресе, түрлі құрылымдардың үйлесімді іс-қимылына және дағдарыс жағдайларындағы қабылданатын шаралардың тиімділігіне ерекше назар аударылды.
Террористік қауіп – қатерге қарсы күрес.
Азаматтардың қауіпсіздігі – мемлекеттің басымдығы.
Материал БҚО бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/990311?lang=kk
Жауап қалдыру