

Қолжетімді тұрғын үй құқығы мыналарды қамтитын бостандықтардың болуын болжайды: мәжбүрлі түрде көшіруден және тұрғын үйді жосықсыз түрде бұзудан қорғау, тұрғын үйге жосықсыз түрде басып кіруден бостандық құқығы, тұрғылықты жерін таңдау және еркін жүріп-тұру құқығы. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды элементі тұрғын үй құрылысы болып табылады. Соңғы 80 жылдағы ең ірі су тасқыны 2024 жылдың көктемінде біздің еліміз үшін үлкен сынақ болды.
Табиғи апаттың нәтижесінде мыңдаған адамдар баспанасыз қалды. Он облыста төтенше жағдай режимі енгізілді, адамдарды қауіпсіз орындарға эвакуациялау жүргізілді.
Көктемгі су тасқынының салдарын жою мемлекеттің тиімділігін көрсетті. Барлық зардап шеккендерге материалдық және қаржылық көмек көрсетілді.
Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жылжымайтын мүлік нарығында 5767 тұрғын үй сатып алынды. 9156 үйде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл міндетті шешуге мемлекет барлығы 54,7 млрд теңге бөлді. Жеке компаниялар мен кәсіпкерлер айтарлықтай үлес қосты – 153 млрд теңге.
Қысқа мерзімде 64 млрд теңгеге 2680 жеке үй салынды. Сонымен қатар, 36455 отбасы жалпы сомасы 13,3 млрд теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы
әлеуметтік көмек алды. 21876 отбасына жалпы сомасы 9,9 млрд теңгеге 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде өтемақы төленді.
2024 жылы Уәкіл институтының атына қолжетімді тұрғын үйге құқықты іске асыру туралы 121 өтініш келіп түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/990312?lang=kk
Жауап қалдыру