«Тарихтың куәгерлері: ерлік пен бейбітшілік сабақтастығы»: ерлік сабағы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 5 мамырында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Ерлік пен бейбітшілік сабақтастығы» атты патриоттық ерлік сабағы өткізілді. Бұл шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып, ардагерлер мен жастар арасында естеліктер мен пікір алмасу алаңы болды.

Оған жергілікті ардагерлер, мектеп оқушылары,  және  әскери қызметкерлері  қатысып, ұрпақтар арасындағы патриоттық тәрбиені нығайтуға бағытталған маңызды әңгімелерге куә болды.

Іс-шара  Мемлекетіміздің әнұранымен ашылып, алғы сөз  сыртқы елдерде әскерде болған ШҚО ардагерлер ұйымы басқару кеңесі төрағасы Байғұндинов Қайырхан Қазбекұлына берілді.  Шара барысында запастағы подполковник ШҚО Азаматтық Қорғаныс департаментінің ардагерлермен жұмыс қызметінің инспекторы Кәсенов Дәулетхан Әділханұлы және ШҚО Билер Алқасының  және Сыртқы елдерде әскерде болған ардагерлердің Өскемен қалалық ұйымының төрағасы Нұразхан Ертіс Ыбырайымұлы сөз сөйлеп, бейбіт күн үшін жасаған ерліктері мен оларды ұрпаққа жеткізу міндеті туралы айтып өтті.

Ардагерлердің жауынгерлік жолы мен Германиядағы Кеңес әскери тобының рөлі талқыланды. Сонымен қатар, жастарға патриоттық тәрбие беру, әлеуметтік желілер мен медиа құралдарының рөлі жайында ойлар айтылды.

Шараның басты мақсаты – өткеннің өнегесінен сабақ алып, болашаққа бейбітшілік дәнін себу, жастарға еліміздің тарихын тереңірек түсіндіріп, патриоттық құндылықтарды нығайту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/990369?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді