
ТЫЛДА ТЕР ТӨККЕНДЕРГЕ ТАҒЗЫМ
«AMANAT» партиясының Сырым аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Талғат Дарғожиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында тыл ардагері Ысқақ Күрпілдесовтің шаңырағында болып, хал-жағдайын сұрап, Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесімен құттықтады.
Құрметті қарияға партия атынан мерекелік азық-түлік себеті табыс етіліп, ардагерге шынайы ізет көрсетілді.
Сонау сұрапыл соғыс жылдарында ойын баласы бола тұра үлкендермен бірге аянбай еңбек еткен Ысқақ ата өткен күндердің естеліктерімен бөлісіп, партия өкілдеріне ақ батасын беріп, шын жүректен алғысын білдірді.
Бұл – ерлік пен еңбекті ұлықтаған, ұрпаққа үлгі болған тағылымды кездесу болды.
«СЫРЫМ ЕЛІ»

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/991212?lang=kk
Жауап қалдыру