ЖҮРЕГІНЕ БАР СӘБИДІ СЫЙҒЫЗҒАН…

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ЖҮРЕГІНЕ БАР СӘБИДІ СЫЙҒЫЗҒАН…
Үлкен жүректі, өмірін әйел денсаулығына арнаған асыл жан — Роза Төлеуғалиқызы білікті дәрігер-гинеколог өмірден озды.
Ол кісі өз ісінің шебері ретінде талай ананың қуанышы мен үмітіне себепкер болып, мыңдаған сәбидің дүние есігін ашуына жол ашты. Нағыз кәсіби, мейірімді, жауапты тұлға еді. Оның адам жанына шипа болған қолы, жылы сөзі, парасатты бейнесі мәңгі жүрегімізде сақталады.
Есенғалиева Роза Төлеуғалиқызы 1951 жылы Орал қаласында дүниеге келген.
1958-1968 жылдар аралығында Орал қаласында №5 орта мектепті тәмәмдаған.
1971-1977 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының «емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алып, дәрігер біліктілігіне ие болды. 1978 жылы Орал қаласындағы Облыстық клиникалық ауруханасында акушер-гинеколог мамандығы бойынша интернатурадан өтті. 1979 жылы Жымпиты ауданының орталық ауруханасының перзентхана бөлімінде акушер-гинеколог дәрігері болып еңбек жолын бастады.
1992-1999жылдары аурухананың рентгенолог дәрігері, 1999-2002 жылдары аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 2002 жылдан бері аурухананың рентгенолог дәрігері, қосымша акушер-гинеколог дәрігері болып жұмыс жасап келді.
Әр жылдары біліктілік арттыру курстарынан өткен.
Осы уақытқа дейін қызметте өзінің білімді, сапалы маман, ұйымдастыру қабілеті жақсы, ұжымда сыйлы, беделді екендігін көрсетіп келген құрметті маман
Роза Төлеуғалиқызының отбасы мен туған-туыстарына,жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.
Жаны жәннатта, иманы саламат болсын!
Сырым ауданының орталық ауруханасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/991211?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді