Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының Маңғыстау облысы бөлімінің бас маманы жоғарғы курс студенттеріне түсіндіру жұмысын өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 6 мамыры күні  Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының Маңғыстау облысы бөлімінің бас маманы Тоқтамысова Нұргүл Бахтиярқызы Ш. Есенов атындағы көп салалы колледжінің Су көлігін пайдалану факультетінің жоғарғы курс студенттеріне түсіндіру жұмысын өткізді.

Түсіндірме барысында су ресурстарының маңыздылығы, оларды қорғау, үнемдеу, ластануын болғызбау жайлы сөз айтылды. Сонымен қатар ҚР жаңа Су кодексі таныстырылды.Жаңа Су кодексі бойынша суды пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау мен қадағалауды күшейтуге бағытталған маңызды өзгерістер талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/990640?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді