
Семей қаласында өткен дзюдодан Қазақстан Республикасы чемпионатында Қарағанды облысының командасы жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бұл жарыс еліміздің 20 өңірінен келген 25 команданың басын қосып, Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай ұйымдастырылды.
Қарағандылық спортшылардың дайындығы мен қайсарлығы жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленуге мүмкіндік берді. Қарағанды қаласы Патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары Дәулет Ысқақов 90+ кг салмақ дәрежесінде күміс медальға ие болса, ОЖВ инспекторы Қайырғали Төлепберген 82 кг салмақта күміс жүлдегер атанды. Ал облыстық ПД ЖҚБЖ инспекторы Абылкас Досжан 66 кг салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды.
Спорттық жетістіктермен қатар, қарағандылық тәртіп сақшылары шахмат додасында да шеберліктерін танытты. Қарағанды қаласында күш құрылымдары қызметкерлері арасында өткен шахмат турнирінде облыс полицейлері жүлделі үшінші орынды иеленді. Команда құрамында Орталық ПБ бастығының орынбасары Саят Сатанов, ПП полкі кезекшісінің көмекшісі Берік Таймасов, ПП полкінің аға инспектор-кезекшісі Мансұр Багаутдинов және Саран қаласы ПБ ЖПБ бастығы Мұса Висмурадов өнер көрсетті.
Қарағандылық полицейлер елдің қорғаны ғана емес, спорт пен зияткерлік сайыстарда да үлгі бола алатын нағыз кәсіби мамандар екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/990643?lang=kk
Жауап қалдыру