
Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл айтулы күн — туған жерін қорғауға ұмтылған халықтың өр рухының, ерлігінің және бірлігінің символы. Біз еркіндік пен бейбіт өмір үшін жанын қиған аталарымыз бен бабаларымыздың өшпес ерлігі алдында бас иеміз.
Ұлы Жеңіс — халқымыздың жадында әділеттің, ел бірлігінің және қаһармандықтың мәңгілік белгісі болып қалады. Бұл тек әскери жеңіс емес — бұл болашақ ұрпаққа үлгі болатын ерлік пен отансүйгіштіктің өнегесі.
Осы жарқын мерекеде Сіздерге мықты денсаулық, амандық, бақ-береке тілеймін! Әр шаңырақта шаттық пен татулық орнап, еліміздің аспаны әрдайым бейбіт болсын!
Құрметпен,
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/992527?lang=kk
Жауап қалдыру