Жеңіс күні Ақтөбе облысында қаһарман жауынгерлерді еске алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Бүгін, 9 мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығын күллі ел ерекше ілтипатпен атап өтуде.

Ақтөбе облысында Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шаралар жылдағыдан да ауқымды әрі тағылымды түрде ұйымдастырылды.

Бүгін өңір басшысы Асхат Шахаров облыс орталығындағы «Мәңгілік алау» Даңқ обелискісі мемориалдық кешеніне барып, екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етті.

Шараға қатысушылар майдан даласынан оралмаған талай ақтөбелік батырды үнсіздікпен бір минут еске алып, гүл шоқтарын қойды.

Содан соң, облыс әкімі Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұловаға арналған ескерткішке барып, гүл шоқтарын қойды. Қолына қару алып, жауға қарсы күрескен өр рухты Әлияның биыл туғанына – 100 жыл. Батыр есімі облыс қана емес, республикалық деңгейде ұлықталуда.

Асхат Шахаров батырлар алаңын да аралады. Мұнда Ақтөбеден аттанған майдангерлердің ескерткіштері бар. Әкім олардың ұрпақтарымен жүздесіп, мерекемен құттықтады.

Салтанатты шараға ардагерлер, құқыққорғау органдары, жас сарбаздар, студенттер, қоғамдық ұйым және түрлі мекеме өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Әрқайсысының жүзінен ризашылық пен мақтаныш сезімі байқалды. Олар үшін бұл күн – тек тарихи дата ғана емес, аталар аманатына адалдықтың, ерлікке деген тағзымның белгісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/992528?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді