
Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
9 мамыр — ХХ ғасырдың ең қасіретті соғысында ерен ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың, Отан үшін от кешкен қаһармандардың рухына тағзым етер, бейбіт өмірдің қадірін ұғындырар ерекше күн. Ұрпақ жадында мәңгі сақталатын, тарихи маңызы бар айтулы мереке.
Ұлы Отан соғысы жылдары майданға Ақмола өңірінен 90 мыңға жуық азамат аттанды. Солардың 37 мыңнан астамы ғана елге аман оралды. Қан майданның алдыңғы шебінде оқ пен оттың арасында жүріп, Жеңіс таңын жақындатқан жауынгерлердің есімі ел тарихының алтын беттерінде жазылары сөзсіз. Бүгінде облысымызда үш соғыс ардагері – Арсентий Андреевич Щудляк, Әжітаев Нұрқасым Әжітайұлы және Иосиф Иванович Комин ортамызда. Олар – ерліктің тірі куәсі және өскелең ұрпаққа өнеге, үлгі.
Сондай-ақ өңірімізде 1600-ден астам тыл ардагері бар. Олар майдан даласындағы жеңісті жақындатуға бар қажыр-қайратын жұмсап, жан аямай еңбек етті. Олардың жанкешті еңбегі мен елге деген сүйіспеншілігі – бүгінгі бейбіт өмірдің негізі. Ардагерлеріміздің майдандағы қайсарлығы мен тылдағы ерең еңбегі әрқашан жадымызда сақталады.
Баршаңызды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтай отырып, бейбіт аспан, баянды өмір, отбасыларыңызға амандық, шаттық пен береке тілеймін!
Бейбітшілік туы көк аспанымызда мәңгілік асқақтай берсін !
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/992529?lang=kk
Жауап қалдыру