Орал қаласының орталық саябағында экологиялық тазалық жұмыстары өтті
Бүгін Батыс Қазақстан облысында табиғатты аялауға бағытталған кезекті сенбілік өтті. Іс-шараға “Орал студенттер альянсы” корпоративтік қоры мен облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың бастамасымен студенттер пен ерікті жастар қатысты.
Сенбілік барысында жастар Киров атындағы орталық саябақты тазалады. Бұл тек қоқыс жинау шарасы ғана емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, патриоттық сезімді арттыру және қоршаған ортаға жанашырлық таныту мақсатында ұйымдастырылып отырған маңызды акция болды.
— Жастар – қоғамның қозғаушы күші ғана емес, табиғаттың да қорғаны. Бүгінгі “Орал студенттер альянсы” мен жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған бұл шараға өңіріміздің 40 белсенді жасы қатысуда. Әрбір жас, әрбір отбасы табиғатты аялауға үлес қосуы қажет – деді “Орал студенттер альянсы” корпоративтік қоры директорының орынбасары Дархан Ануарбекұлы.
Айта кетейік, мұндай шаралар аймақта тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді және жастардың белсенді қатысуы – қоғамның табиғатқа деген көзқарасының оң өзгеріп келе жатқанының белгісі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-uvp/press/news/details/992793?lang=kk

Жауап қалдыру