Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында ұзақ жылдан бері қордаланып келе жатқан электр қуаты мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында ұзақ жылдан бері қордаланып келе жатқан электр қуаты мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. Бұл бағыттағы ауқымды жаңарту жұмыстары 2026 жылға дейін жалғасатын күрделі жобаның аясында жүзеге асырылып жатыр.

 

Жобаны жүзеге асыру міндеті «УниверсалСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жүктелген. Құрылыс-монтаж жұмыстары Жаңаарқа кенті мен Ераліев ауылын қамтиды.

 

Аталған жұмыстар аясында электр тіректерін жаңалау, тозығы жеткен желілерді толықтай ауыстырып, жаңадан тарту қарастырылған. Бұл – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.

 

Қазіргі таңда 1200 дана электр тірегі жеткізіліп, оның 350-і орнатылып үлгерді. Сонымен қатар, жоба бойынша жалпы саны 28 қосалқы станса орнату жоспарланған. 2025 жылдың өзінде соның 7-еуі жаңасына ауыстырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-ishki-sayasat/press/news/details/992794?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді