
ДЗЮДОДАН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Талдықорған қаласының «Өркен» спорт кешенінде дзюдодан 2010-2011, 2012-2013 жылғы кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай Жетісу облысының ашық турнирі басталды.
Аталмыш жарысқа әр аудан және қаладан іріктелген 100-ге жуық жас дзюдошы қатысуда.
Шараның басты мақсаты – болашақ чемпиондарды даярлап, облыс намысын абыроймен қорғайтын команда жасақтау.
Айта кетсек, жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы медаль, грамотамен марапатталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-pcsport/press/news/details/992877?lang=kk

Жауап қалдыру