«Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің есеп беру концертіне шақырамыз!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат»
Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің есеп беру концертіне шақырамыз!

Құрметті қарағандылықтар

2025 жылдың 10 мамыры күні сағат 17:00-де Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің сахнасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты есеп беру концерті өтеді.

Бұл маңызды шара – тек өнер мерекесі ғана емес, сонымен қатар жауынгерлер ерлігіне тағзым етудің, жас ұрпақтың елжандылық рухын нығайтудың айқын көрінісі болмақ. Концерт барысында мәдениет үйінің жанынан жұмыс істейтін шығармашылық үйірмелер – «Жас Толқын» вокал студиясы, «Шабыт» актерлік шеберлік үйірмесі, «Зейін» қисса оқу үйірмесі, сондай-ақ «Надежда» және «Шахтерский» хор ұжымдары өз өнерлерін ортаға салады.

Кеш бағдарламасында патриоттық әндер, көркем сөз оқу, хореографиялық және музыкалық қойылымдар ұсынылады. Әрбір нөмір – көрермен жүрегіне жол табатын, ерлік пен рухты ұлықтайтын мазмұнға толы болмақ.

Сіздерді тағылымды шараға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karagandy/press/news/details/992876?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді