“KazAID” серіктестік және аймақтық жобалар департаментінің менеджері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“KazAID “Қазақстандық халықаралық даму агенттігі” КЕАҚ серіктестік және аймақтық жобалар департаментінің менеджері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Функционалдық міндеттері:

-Тұрақты даму мақсаттары бойынша жобалардың дизайнын әзірлеу;

– жергілікті және шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу;

– жобаларды сүйемелдеу, бақылау, іске асырылуын мониторингілеу және жобалардың нәтижелеріне бағалау жүргізу;

– қажетті жобалық құжаттаманы дайындау;

–  серіктес елдердегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және шетелдік мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

– Экономикадағы, халықаралық қатынастардағы, бизнес-басқарудағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (басқа мамандықтар да қарастырылуы мүмкін), магистратура артықшылықта.

– Жұмыс тәжірибесі – 2 жыл.

– Жобаларды басқарудағы тәжірибе міндетті болып табылады.

– Жобалар бюджетімен жұмыс істеу дағдылары мен мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесі құпталады.
– Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу міндетті.

– Шет тілдерін білу құпталады.
 
Үміткерлерден түйіндемені қабылдаудың соңғы мерзімі – 2025 жылғы 20 мамыр.
Түйіндеме электрондық мекенжайға жіберіледі – office@kazaid.kz

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/991930?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді