Мәслихат депутаттары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен салтанатты шараға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қосшы қаласы мәслихатының депутаттары Б.Абдрахманов, Ш.Ибраев, Д.Кәкімжанов, А.Данабек, И.Осипова Тайтөбе ауылындағы Р.Қошқарбаев атындағы саябақта Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен салтанатты шараға қатысты.
 
Мерекеге орай ұйымдастырылған жиынды қала әкімі Азамат Есімұлы құттықтау сөзімен бастап, жиналған жұртшылықты 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтады. Одан кейін Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Нұрқасым Әжітаев және аға буын өкілдері, мемлекеттік мекеме басшылары, Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылының тұрғындары Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойып, батырға және барша майдангерлерге тағзым етті.
 
Мерекелік шара қаламыздың және Тайтөбелік өнерпаздардың концерттік нөмірлерімен жалғасты. Жиын соңында сұрапыл соғыс жылдарында қан майданды, тылдағы азапты еңбекті көздерімен көрген аға буын өкілдері байтақ елімізге бейбітшілік тілеп, көпшілікке бата берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/992630?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді