
Нью–Дели, 2025 жылғы 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Есқараев пен Қазақстан Елшілігінің дипломаттары Үндістан астанасындағы Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Іс-шара Үндістандағы Ресей Федерациясы Елшілігінің аумағындағы мемориалда өтіп, ТМД елдерінің дипломатиялық миссияларының өкілдерін бір арнаға тоғыстырды.
Елші Азамат Есқараев Жеңіс күнінің тарихи маңызын атап өтіп, фашизмді жеңуде Кеңес Одағы халықтарының, соның ішінде қазақ халқының да қосқан ерен үлесіне ерекше тоқталды. Соғыс жылдарында 1,2 миллионнан астам қазақстандық майданға аттанып, олардың жартысынан астамы елге оралмағаны, 500 қазақстандықтың Кеңес Одағының Батыры атағына ие болғаны атап өтілді.
Рәсім қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/992629?lang=kk
Жауап қалдыру