Қарағандыдағы Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 160 тоннадан астам өнім ұсынылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін 10 мамырда Қарағанды қаласының “Global city” СОО аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Жәрмеңкеде Түркістан облысының шаруашылықтары мен облыстың 7 ауылдық ауданның 50-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушілері және қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін орташа нарықтық құнынан 10-15% төмен бағамен сатып жатыр.

Жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер барлығы 163 тонна ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде: 60 тонна ет, 50 тонна картоп, 20 тоннадан астам қырыққабат, 16 тонна сүт өнімі, 7 тонна балық және балық өнімі, 150 мың дана тауық жұмыртқасы және 30,0 тонна өзге де өнімді жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-ishki-sayasat/press/news/details/992829?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді