
«Таза Қазақстан» қозғалысы аясында Абай облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Іскер әйелдер кеңесі, «ALADAR” ЖК компаниясымен және өңірдің әлеуметтік кәсіпкерлерімен бірлесіп, №8 балалар үйіне қарасты «Юбилей» балалар лагерінің аумағында 50 жеміс ағашын отырғызу шарасын ұйымдастырды.
Аталған шара әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге әлеуметтік кәсіпкерлерді тартуға, сондай-ақ балалар үйі тәрбиеленушілерінің демалыс және даму жағдайларын жақсартуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kasipkerlik/press/news/details/992828?lang=kk
Жауап қалдыру