
Сіздерді Екібастұз қалалық мәслихатының атынан және өз атымнан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
9 Мамыр – бұл ұрпақтарды біріктіретін қасиетті күн. Дәл осы күні, 80 жыл бұрын, халық ерлігі мен жанқиярлығының арқасында адамзат тарихындағы ең ұлы Жеңіске қол жеткізілді.
Біз соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, соғыс балалары мен жеңіске үлес қосқан барлық жандардың алдында бас иеміз. Сіздердің ерліктеріңіз – ұлт тарихының алтын парағы, өшпес өнеге, өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар берер асыл мұра.
80 жыл өтсе де, Жеңіс рухы жүрегімізде сақталып келеді. Бұл күн бізге бейбіт өмірдің құндылығын еске салады және бірлік пен отаншылдыққа үндейді.
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық пен бақ-береке тілеймін!
Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/992766?lang=kk
Жауап қалдыру