
Құрметті Қалбатау ауылының тұрғындары, сіздерді 9 – мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осы орайда Қалбатауда Даңқ аллеясында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Аудан әкімдігі мен ардагерлер кеңесінің бастамасымен Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміздің есімдері енгізілген QR-код тақтайшасы орнатылып, оның салтанатты ашылуы ұйымдастырылды. Аталған тақтайшада Ұлы Отан соғысына қатысқан Жарма ауданының ардагерлері туралы мәліметтер қамтылған. QR-кодты сканерлеу арқылы тұрғындар мен қонақтар ардагерлердің өмірбаяны, ерлік жолдары және олардың майдандағы қызметі туралы толық ақпарат ала алады.
Шараға аудан әкімі Нұрлан Борсықбаев, тыл ардагерлер және жергілікті тұрғындар қатысты. Аудан әкімі өз сөзінде: “Бүгінгі QR-код тақтайшасының ашылуы – батырларымыздың ерлігін ұмытпай, оларды мәңгі есте сақтау жолындағы маңызды қадам. Бұл – жас ұрпаққа үлгі, тарихқа тағзым”, – деп атап өтті.
Салтанатты рәсім соңында қатысушылар “Даңқ” аллеясында орналасқан ескерткішке гүл шоқтарын қойып, соғыста қаза тапқан жауынгерлердің рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zharma-qalbatau/press/news/details/992769?lang=kk
Жауап қалдыру