
Абай облысы әкімі Берік Уәлидің тапсырмасы аясында қала аумағында бүлінген және сынған құдық қақпақтарын ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бағыттағы шаралар тек қаланың орталық көшелерінде ғана емес, шет аудандар мен кенттерді де қамтып отыр.
Алайда, құдық қақпақтарын ұрлау фактілері әлі де тыйылар емес. Бұл жағдай тек қала қауіпсіздігіне ғана емес, тұрғындардың өміріне де тікелей қауіп төндіреді.
Егер сіз осындай құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, бірден 102 нөміріне хабарласыңыз!
Семей қаласында құдық қақпақтарын жабу, ауыстыру жұмыстары жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/992958?lang=kk
Жауап қалдыру