
Тыл мен еңбек еңбеккерлері – төзімділігімен, еңбегімен және табандылығымен бізге бейбітшілік сыйлаған адамдар. Оларға құрмет көрсету – әрқайсымыздың қасиетті парызымыз. Тарихи жадты, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, аға буын адамдарына құрметпен қарау және оларға қамқорлық жасау басты міндеттердің бірі болып табылады. Жеңіс күні қарсаңында Сандықтау ауданының тыл еңбеккерлерін құттықтадық. Зор ризашылығымызды білдіріп, мықты денсаулық пен ұзақ өмір тілеп, азық-түлік себетін табыс еттік.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sandyktau/press/news/details/992959?lang=kk
Жауап қалдыру