
Шараға Қосшы қаласының әкімі Азамат Есімұлы, ғасыр жасаған Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрқасым Әжітайұлы, қалалық мәслихаттың депутаттары және қала тұрғындары қатысты.
Ерлікпен ел қорғаған жауынгерлердің рухына бір минуттық үнсіздік жарияланып, Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Жиналған қауым Ұлы Жеңіс үшін жанын қиған батырларға тағзым етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/992824?lang=kk
Жауап қалдыру