Талдықорғанда J-League жобасы аясындағы спорттық жарыстар жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс орталығы Талдықорғанда сәуір айында бастау алған J-League жобасы аясында мектеп оқушылары арасында футбол, волейбол және баскетбол спорт түрлерінен турнирлер жалғасуда.

Осыған орай, 3–4 мамыр күндері футбол, волейбол және баскетбол бойынша тартысқа толы жарыстар өтіп, үздік командалар мен ойыншылар марапатталды.

Шараның басты мақсаты — балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, жеңіске деген жігерін оятып, тәжірибе жинауына мүмкіндік жасау.

Айта кетейік, J-League жобасы аясында өтіп жатқан спорттық додаға өңір бойынша 887 команда тіркелген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/992822?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді