
🕊️Ақтөбеліктер Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті. Басты шара «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы алаңында өтті.
🔹 Шараға облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева бастаған облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, шығармашылық ұжымдар, Ассамблея мүшелері және қала тұрғындары қатысты.
🔸 Мерекелік шарада «Сұңқар», «Ладушки», «Язғы моңнар», «Борвинок», «Оксана», «Дэш», «Русская песня» және басқа да ансамбльдер өнер көрсетті. Олар қазақ, орыс, татар, украин, сыған тілдерінде әндер орындады. Көрермендер әр орындаушыны ыстық ықыласпен қарсы алып, бірге қосылып ән шырқады.
⚜️ Алаңда этномәдени бірлестіктер дайындаған көрме ұйымдастырылды. Онда әрбір этностың ұлттық бұйымдары, сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылып, әр халықтың байлығы мен өзіндік болмысы көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe-district/press/news/details/993179?lang=kk
Жауап қалдыру