ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
ШЕШІМ
12 мамыр 2025 жыл № 28 Жаңаөзен қаласы
8 – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық
мәслихатының жиырма жетінші сессиясын шақыру туралы
8 – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезекті жиырма жетінші сессиясы 2025 жылдың 22 мамыр күні шақырылсын.
8 – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезекті жиырма жетінші сессиясы 2025 жылдың 22 мамыр күні сағат 11:00-де қала әкімдігінің 229 бөлмесінде басталады.
Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады:
1.Жаңаөзен қаласының 2024 жылға арналған бюджетінің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы;
2.Қызылсай ауылының 2024 жылға арналған бюджетінің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы;
3.Теңге ауылының 2024 жылға арналған бюджетінің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы;
4.Рахат ауылының 2024 жылға арналған бюджетінің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы;
5.Кендірлі ауылының 2024 жылға арналған бюджетінің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы;
6.«Жарқын болашақ» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы.
7.Жаңаөзен қаласы Рахат ауылының атауы жоқ көшелеріне атау беру жөнінде ұсыныс енгізу туралы;
8.Жаңаөзен қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы.
Жаңаөзен қалалық
мәслихатының төрағасы Г. Байжанов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-zhanaozen/press/news/details/993797?lang=kk
Жауап қалдыру