А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қанипа Бітібаеваның 80 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14 мамыр күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ҚР-ның еңбек сіңірген мұғалімі, профессор, Тарбағатай ауданының тумасы Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының 80 жылдығына арналған «Аңызға айналған ұстаз» атты еске алу кеші өтеді.
Қанипа Бітібаева – «Құрмет» орденінің, «Ы. Алтынсарин» төсбелгінің, бүкілодақтық Н. Крупская медалінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Республиканың «Ең үздік» ұстазы, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, Шығыс Қазақстан облысының, Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы».
Оның 200-ге тарта ғылыми-әдістемелік мақаласы, 41 кітабы жарық көрген. Ғалым-ұстаздың іс-тәжірибесі жөнінде бірнеше оқу фильмі түсіріліп, 2004 жылы «Дәуірдің дара ұстазы» атты кино-очерк жарияланған.
Аталмыш шараға осы «Егіз өрім» кітабының кейіпкерлері ұстаздың шәкірттері, әріптестері арнайы шақырылып отыр.
Басталуы: сағат 14.00-де.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/993682?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді