
2025 жылғы 12 мамырда сегізінші шақырылған Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс 49 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық бөлімдер мен басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды;
- «Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-19/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы.
- «Жарқайын ауданы әкімдігі жанындағы бюджеттік комиссиясынын құрамын бекіту туралы» Жарқайың аудандық маслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 7С-18/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Жарқайың ауданы әкімінің жеке құрамын келісу туралы» аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 7С-8/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Жарқайың аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 шілдедегі № 8С-30/5 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы ережесін және құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша депутаттар бірауыздан шешім қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/993681?lang=kk
Жауап қалдыру