
Алматы облысында сел ұстайтын және гидротехникалық құрылыстарға визуалды тексеру және зерттеу жүргізілді.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Оразбеков Д.Д. Еңбекшіқазақ аударына жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында Іле Алатауы жоталарынан бастау алатын өзендердің, соның ішінде Ысық көлі маңында орналасқан сел ұстайтын және гидротехникалық құрылыстардың қазіргі жай-күйіне визуалды тексеру жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – инженерлік қорғаныс нысандарының техникалық жағдайын бағалау және өзен арнасын түбін тереңдету, түзеу, тазарту, сондай-ақ су ағызу құрылғыларын ағымдағы жөндеуден өткізу бойынша алдын алу шараларын қабылдау.
Тексеру қорытындысы бойынша аумақтық бөлімшелер мен жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/993774?lang=kk
Жауап қалдыру