Мейірбике күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті медицина саласының қызметкерлері, мейірбикелер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Халықаралық мейірбике күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Адам өмірі мен денсаулығын сақтау жолында мейірбикелердің еңбегі ерекше. Сіздердің жанашырлықтарыңыз, төзімділік пен кәсіби шеберліктеріңіз күн сайын мыңдаған адамға үміт пен өмір сыйлайды. Сіздер тек науқастарға күтім жасап қана қоймай, олардың сауығуына сенім беріп, жүрек жылуын арнайсыздар.

Сіздердің қоғамдағы рөліңіз зор, ал кәсібіңіз – құрмет пен алғысқа лайық. Адал еңбектеріңіз бен қызметтеріңіз үшін алғыс айта отырып, зор денсаулық, отбасылық амандық, жұмыстарыңызға табыс және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-astrahan/press/news/details/993822?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді