Сәтбаев қаласында алғаш рет “Baybars Tartyl” турнирі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сәтбаев қаласында турникке тартылу бойынша алғаш рет ұйымдастырылған “Baybars Tartyl” турнирі жоғары деңгейде өтті. Аталған спорттық іс-шараға жалпы саны 75 спортшы қатысып, өзара үздіктерді анықтады.
Турнир барысында 6 бас жүлде сарапқа салынып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер демеушілер атынан мадақтамалармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жарыс жоғары деңгейде, қызықты әрі тартысты өтті. Көрермендер мен қатысушыларға ерекше әсер сыйлаған бұл турнир салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға өз септігін тигізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-satpaev/press/news/details/993821?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді