Қадірлі тыл еңбеккерлері, ардагерлер! Құрметті жерлестер!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Биыл еліміз ең маңызды, ең қасиетті мереке – Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуде. Бүгінгі елдігіміздің берік, еңсеміздің биік болуы – осынау Ұлы Жеңістің нәтижесі екенін білеміз. Сондықтан біз қашанда сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларды ерекше құрметпен еске аламыз. Майдан даласындағы ерлік пен тылдағы қажырлы еңбекке тағзым етеміз.
Бүгін Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлері мен аудан тұрғындарымен бірге ҰОС қатысушыларына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен жауынгерлердің ерлігіне тағзым еттік.
Бүгінгі күні ауданымызда 17 тыл еңбеккерлері бар. Еліміздің азаттығы үшін қиындыққа төзіп, майдангерлерден қалыспай, еңбек еткен Олардың қайсарлықтары – біз үшін үлгі-өнеге. Тылда жұмыс істеп Жеңіс туын желбіретуге үлес қосқан тыл ардагерлеріне “Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл” мерейтойлық медальдерін табыс еттім.
Мерекелік бағдарлама шеңберінде облыс орталығында су тасқыны кезінде белсенділік танытқан бірқатар аудан азаматтарын Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ.Нұрмұхамбетовтың және СҚО Төтенше жағдайлар басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.
Құрметті жерлестер, баршаңызды Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін. Егемен еліміздің аспаны ашық, бейбіт өмірі баянды болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ualikhanov/press/news/details/993387?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді