
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Шыңғырлау ауданында Мәңгілік алау алдында гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылды. Шара барысында аудан тұрғындары Ұлы Отан соғысының қаһарман батырлары мен бейбіт өмір жолында құрбан болған жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым етті.
Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев, тыл ардагерлері, еңбек ұжымдары және аудан жұртшылығы қатысты. Аудан басшысы ардагерлермен бірге болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі мен тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен ерлерге құрмет білдірді.
Майданда қан төккен атасын, әкесін, батыр бабасын еске алып, тағзым етуге келген тұрғындардың қарасы мол болды. Бүгінгі бейбіт өміріміз – сол бір қаһарман ұрпақтың қанымен, терімен келген қасиетті мұра.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-shyngyrlau/press/news/details/993374?lang=kk
Жауап қалдыру