САРЫАҒАШ: БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып Тұрсынбаев Қанат Миркамалұлы тағайындалды.
 
Қанат Тұрсынбаев 1970 жылы 12 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1990 жылы құрылыс бригадасында құрылысшы болып бастаған. 1995 – 1997 жылдары №68 орта мектебінде мұғалім; 1998 – 2005 жылдары Қабланбек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы; 2005 – 2006 Сарыағаш ауданы әкімі аппаратында бас маман, бас инспекторы; 2006 – 2007 жылдары Құркелес ауылдық округі әкімінің орынбасары; 2007 – 2012 жылдары Сарыағаш қаласы әкімінің орынбасары; 2012 жылдан 2021 жылдың 27 шілдесіне дейін Қабланбек ауылдық округі әкімі лауазымындарында қызмет атқарған.
 
Осы қызметке тағайындалғанға дейін 2021-2025 жылдар аралығында Сарыағаш ауданына қарасты Қабланбек ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келген.
Жаңа басшыны ұжымға аудан әкімі аппаратының басшысы О.Ыбрай арнайы барып таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/992465?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді