САРЫАҒАШ: ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН МЕРЗІМІНДЕ ӘРІ САПАЛЫ АЯҚТАУДЫ ТАПСЫРДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сарыағаш ауданында егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында каналдарды тазалау жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Жыл басынан бері 82 шақырым су арналары механикалық тазалаудан өткізілген. ы ретте, аудан әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округіне арнайы барып, ауыл аумағындағы су арналарына жүргізіліп жатқан тазалау жұмыстарының барысымен танысты.
 
Аудан басшысы ауданның су шаруашылығы мекемесінің басшысы Нұрбол Алданазаровқа суару маусымы барысында шаруаларға су жеткізіп беру басты міндет екенін қатаң ескертіп, тазалау жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
 
Бүгінде Жібек жолы ауылдық округ аумағындағы ұзындығы 7,0 шақырым Р-1 қашыртқысына және ұзындығы 2,2 шақырым Дихан баба каналына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/992464?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді