АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ БАСТЫҒЫ КЕЗЕКТІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫ ӨТКІЗДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Алматы облысы полиция департаментінде кезекті апталық азаматтарды қабылдау өтті. Облыс тұрғындарымен жеке кездесу ПД бастығы, полиция полковнигі Мейрам Әбікеевтің төрағалығымен өтті. Қабылдау «тыңдайтын мемлекет» қағидатын жүзеге асыру аясында, халық пен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Қабылдау барысында қылмыстық істерді тергеуге қатысты және өңір тұрғындарын толғандырған басқа да мәселелер қаралды. Азаматтар облыстың әртүрлі елді мекендерінен келіп, өз мәселелерін шешуге кәсіби көмек пен нақты түсіндірме алуға үміт білдірді.

– Өз мәселелері бойынша көмек сұрап Алматы облысының түкпір-түкпірінен азаматтар жүгінеді. Барлық айтылған мәселелер назардан тыс қалмайды. Әрбір өтініш заңнама талаптарына және белгіленген мерзімдерге сәйкес жеке бақылауыма алынып, шешімін табады, – деп атап өтті Мейрам Әбікеев.

Мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады және полиция мен халық арасында ашық диалог орнатудың тиімді тетігі болып табылады. Департамент басшылығының айтуынша, халықпен тікелей қарым-қатынас арқылы ғана олардың мұң-мұқтажын тыңдап, жүйелі мәселелерді анықтап, құқықтық тәртіп пен қоғамдық сенімді арттыруға болады.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/994140?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді