
Жаз маусымы жақындады. Сондықтан Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті суға түскенде маңызды сақтық шараларын есте сақтауды сұрайды.
☝🏼 Тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз. Суға мас күйінде кірмеңіз.
☝🏼 Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз және суға сүңгімеңіз. Суда шомылушыларды батырып ойнайтын ойындарға жол бермеңіз.
☝🏼 Қатты ағысы бар тік жағалауларда, батпақты және өсімдік басқан жерлерде шомылмаңыз.
☝🏼 Күшті ағыспен күреспеңіз. Оны жағаға жақындау үшін пайдаланыңыз. Ешқашан су иірімдеріне жақын жүзіп бармаңыз.
☝🏼 Қатты тоңып қалмаңыз және қатты күн өтіп кетпесін. Егер су температурасы + 18 С төмен болса, шомылмаңыз.
☝🏼 Жүзу үшін тақтайларды, бөренелерді, қолдан жасалған құрылғыларды пайдаланбаңыз.
☝🏼 Үрлемелі матраспен немесе камерамен жағадан алыс жүзбеңіз.
☝🏼 Балаларға суға құлап кететін жерлерде ойнауға жол бермеңіз.
☝🏼 Шомылу кезінде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
📌 Құтқару қызметінің бірыңғай телефоны-112.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/994120?lang=kk
Жауап қалдыру