
12 мамырда облыстық «Алтай» телеарнасының тікелей эфирінде Алтай ауданының әкімі Р.Курмамбаев өңірдің ағымдағы жылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндама жүргізді.
Р. Курмамбаев өнеркәсіп өндірісінің динамикасы, егіс маусымының қорытындысы, жылыту маусымы, даму перспективалары туралы айтты.
Тұрғындар Алтай ауданының бірінші басшысымен тікелей диалогқа белсене қатысты. Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша қандай шаралар қабылданатыны, БЦК жұмысынан босатылған қызметкерлерге көмек көрсету, аудан халқын интернет және ұялы байланыспен қамтамасыз ету шаралары мен жоспарлары, Бородино ауылында ұялы байланыс пен мобильді интернет қашан қосылатыны, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қолдау жөнінде сұрақтар қойылды.
Р.Курмамбаев онлайн режимінде тұрғындардың сұрақтарына толық жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/994119?lang=kk
Жауап қалдыру