
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Алматы облысының тұңғыш КСРО спорт шебері, Алматы облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Тынысбеков Станислав Балтабекұлын еске алуға арналған бокстан 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы ХХХІІІ Республикалық турнирі бастау алды.Аталған іс-шараға Республиканың өңірлерінен жалпы 15 командадан 200 спортшы қатысуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-sport/press/news/details/995478?lang=kk
Жауап қалдыру