
Қарағанды облысы Нұра ауданында егіс науқаны басталды. Биыл аграршылар 342 мың гектар жерге егін егеді – 2024 жылға қарағанда бұл көрсеткіш 18 мың гектарға артық. Әртараптандыру мақсатында майлы және жем-шөп дақылдары ұлғайтылады. Сондай-ақ ауданда суармалы егіншілік дамуда.
Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев егін егу жұмыстарына баға берді. Ол өсімдік және мал шаруашылығымен айналысатын бірнеше шаруашылықты аралады.
Мысалы, Кенжарық ауылдық округінде «Отқанжар» ЖШС қазақтың құйрықты қой тұқымын өсіреді.
Ал «Байтуған» ҚСШҚ ауыл тұрғындарының қажеттіліктері үшін жемшөп дақылдарын өсіреді.
– 2023 жылы бір жаңбырлататын жылжымалы машина сатып алдық. Оны суару үшін пайдаландық. Биыл бес стационарлық машина сатып алынды. Қазір бәрі жұмыс істеп жүр. Бұл өнімділікті арттырады. Бірінші қондырғы үшін 84 гектар жерге жоңышқа егілді. Биыл осы алаңнан төрт шабындық жинауды жоспарлап отырмыз. Қалған суару машиналарының астына бидай отырғызылды. Қазіргі заманғы әзірлемелер мен технологиялар бар, олармен біз танысып, өзімізде сынап көргіміз келеді. Бір гектардан 60–70 центнер астық жинауды жоспарлап отырмыз, – деді «Байтуған» ҚСШҚ басқарушысы Константин Приб.
Аграршылармен кездесуде саланы мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, асыл тұқымды мал көрмесі ұйымдастырылды.
– Бүгін біз Нұра ауданындағы көктемгі дала жұмыстарымен танысып, ірі фермерлермен кездесіп, олардың жоспарларын қарадық. Бұл 18 мың гектар егістік жер. Суармалы алқаптарды ұлғайту көзделген. Сондай-ақ жас фермерлермен әңгімелестік. Олардың болашағы жақсы. Оларға көмектесеміз, – деді облыс әкімі.
Аграрлық саладан басқа инфрақұрылымдық мәселелерге де назар аударылды. Нұра ауданының тұрғындары Жараспай – Нұра жолын жөндеу қажеттігі туралы бірнеше рет айтқан болатын. Биыл Жараспай – Құланөтпес учаскесінде жұмыстарды бастау жоспарланып отыр. Қазір жобалық-сметалық құжаттама сараптамадан өтуде.
Сондай-ақ, облыс әкімі республикалық Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау тас жолының Көбетей ауылы бағытындағы учаскесін тексерді.
“ҚазАвтоЖол” ҰК АҚ” Қарағанды филиалының өкілдері жұмыс барысы туралы баяндады. Жақын арада ресайклинг басталады, содан кейін асфальттауға кіріседі. Жоба биыл аяқталуы тиіс.
Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, ең бастысы – жолды сапалы жөндеу, ал ол үшін жұмыстың әр кезеңін уақытылы бақылау қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/995477?lang=kk
Жауап қалдыру