Есіл бассейндік инспекциясының су пайдаланушылармен түсіндіру жұмыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің су пайдалану саласындағы ашықтықты қамтамасыз етуге және «қара нарықты» жоюға, сондай-ақ жаңа Су кодексінің ережелерін түсіндіруге бағытталған хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, 2025 жылғы 13 мамырда Есіл бассейндік инспекциясы қызметкерлерінің Ақмола облысының Біржан Сал, Бурабай, Бұланды аудандарына іссапары өтті.

Іс-шараның мақсаты – су пайдаланушыларға су заңнамасындағы негізгі өзгерістерді жеткізу, су пайдалану ережелерін, лицензиялау тәртібін, су ресурстарын бөлу қағидаларын, сондай-ақ бұзушылықтар үшін жауапкершілікті түсіндіру болды.

Жұмыс тобы құрамында келесі тұлғалар болды:
– Есіл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Исмагулова Г.Т.,
– Ақмола облыстық филиалының бөлім басшысы – Тюлегенов Р.С. қатысты.

Кездесу барысында инспекция мамандары жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, ауыл шаруашылығы секторының су пайдаланушыларымен және басқа да мүдделі тараптармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Әсіресе рұқсатсыз су алуға, судың қара нарықта айналымына және су ресурстарын тиісті рұқсат құжаттарынсыз пайдалануға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қатысушыларына жаңа заңнама талаптарына сәйкес қызметті ретке келтіру бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Мұндай көшпелі іс-шаралар басқа аудандарда да жалғасын тауып, мемлекет жүргізіп отырған су саясатының бірізді түсінігін қалыптастыруға және жергілікті жерлерде тұрақты су пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/995476?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді