
Қаратоғай ауылдық округінің әкімі Байсагизов Руслан Серикбайұлы көпбалалы аналарға “Алтын алқа” иегері Сагиденова Ольга Александровна және “Күміс алқа” иегерлері Кулетова Ақжарқын Ерашовна, Сабырова Гүлзат Жақияқызы, Уалиқызы Толғанайға мемлекеттік наградаларын табыстады.
Бұл – ел болашағын тәрбиелеп отырған аналарға деген зор құрметтің көрінісі.
Аналарымыздың ақ жүрегі мен сабырлы еңбегі – нағыз ерлікке пара-пар! «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерін марапаттап, аналық мейірім мен батырлықтың алдында тағзым еттілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-karatogay/press/news/details/994729?lang=kk
Жауап қалдыру