
Өңір басшысы Асайын Байханов 18-29 сәуір аралығында Амманда (Иордания) өткен бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында (U-15) алтын медаль жеңіп алған Нұрислам Ташмағанбетті құттықтады. Турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Үндістан, Жапониямен қатар 18 елдің спортшылары қатысты.
Қазақстан құрамасының құрамында 15 боксшы өнер көрсетіп, 10 медаль жеңіп алды: 4 алтын, 5 күміс және 1 қола.
Біздің жерлесіміз, Баянауыл ауданының БЖСМ тәрбиеленушісі Нұрислам Ташмағанбет Үндістан, Иордания және Өзбекстан елдерінің спортшыларынан басым түсті. Финалда 5-0 есебімен айқын жеңіске жетіп, 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде алтынға ие болды.
– Сен әлемдік аренда еліміздің намысын абыроймен қорғап, шеберлігіңді көрсете білдің. Осынау жарқын жеңісіңмен құттықтаймын, – деп атап өтті Асайын Байханов.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/994727?lang=kk
Жауап қалдыру