
Ағымдағы жылдың 13 мамыр аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың 2025 жылдың I жартыжылдығына арналған аудан тұрғындармен кездесуі басталды. Жоспарға сай аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Жалғас Ташуов және сала басшыларымен бірге Саралжын, Ұялы және Бөрлі ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде аудан әкімі 2024 жылдың және ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен және алда тұрған мақсат-міндеттер жөнінде тұрғындарға ақпарат берсе, округ әкімдерінің тұрғындарға есептері тыңдалды. Сонымен қатар кездесу барысында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Л.Өтешева екпе алу мәселесі бойынша ауыл тұрғындарын ақпараттандырды.
Ашық диалог форматында өткізілген кездесу барысында ауыл тұрғындары аудан басшысына көкейіндегі сауалдарын қойып, ауылдарының дамуы мен өркендеуіне қатысты ұсыныстарын да білдірді. Аудан басшысы сала басшыларымен бірге ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша да қабылдау өткізді.
Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында аудан басшысы Н.Даумов және барған делегация Бөрлі ауылында жеке-меншік серіктестік есебінен салынып жатырған әлеуметтік нысанның жағдайымен танысып, құрылысын жүргізіп жатырған «Қуаныш» ШҚ жетекшісі А.Қитановқа нысанды уақытылы және сапалы тапсыруды міндеттеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/994972?lang=kk
Жауап қалдыру