Павлодар қаласы мектептері оқушыларының оқу-далалық жиындары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жалпы білім беретін мектептерде алғашқы-әскери даярлық бойынша оқу бағдарламасына сәйкес биылғы жылы оқу-далалық жиындар 2025 жылғы 12 – 16 мамыр аралығында өтуде. Мақсаты – қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың әскери дағдыларын дамыту.

Оқу-далалық жиындардың салтанатты ашылуы және жиындарға жіберу 12 мамыр күні Естай атындағы ҚМС алаңында өтті. Жиынға Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 10 сыныптардың оқушылары қатысты, оларды алғашқы әскери даярлық мұғалімдері мен Павлодар қаласы білім беру бөлімінің өкілдері бірге апарады.

Жиындар Шарбақты ауданының «Лесная сказка» ЖШС өтеді. Мұнда тұру және практикалық сабақтар өткізу үшін жағдайлар жасалған. 5 күн ішінде оқушылар әскери өмірге енеді. Атыс және тактикалық дайындық, Қазақстан Республикасы әскери қызметінің Жарғысын, топографиясын және азаматтық қорғауды зерделеу бойынша практикалық сабақтар жоспарланған. Оқу-далалық жиындардың қорытындысы бойынша оқушылар қорытынды бағаны алады.

Дәстүрлі түрде оқушылардың ауған жауынгерлерімен кездесуі жоспарланған, олар өз естеліктерімен бөлісіп, болашақ Отан қорғаушыларға өз тілектерін айтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/994973?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді