
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің және оның аумақтық департаменттерінің қызметінің басым бағыттарының бірі – Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу барысында олардың құқықтарын қорғау болып табылады.
Осыған орай, Департамент тарапынан мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында тұрақты түрде мониторинг жүргізулуде және азаматтардың өтініштерін қарау нәтижелері талданады.
Аталған жұмыс мемлекеттік қызметтер көрсету барысында туындайтын мәселелерді анықтап, оларды жоюға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Осы бағытта, жұмыс шеңберінде мемлекеттік қызмет алушының өтінішін қарау барысында «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды беру» мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі мен тәртібінің бұзылғаны анықталды.
Өтінішті қарау нәтижесінде мемлекеттік қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, екі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465-бабының 1-бөлігіне сәйкес бір әкімшілік іс қозғалды.
Аталғанының негізінде, Егер Сіз мемлекеттік қызметтерді алу барысында кедергілер мен бюрократиялық қиындықтарға тап болсаңыз, Департаментке жүгінуге құқылысыз.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері агенттігінің Жетісу
облысы бойынша департаменті
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/995474?lang=kk
Жауап қалдыру