
Тұрақты комиссия отырысы өтті
Бүгін аудандық мәслихат депутаты Е.Көшербаевтың төрағалығымен мәслихаттың бюджет, экономика, инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі және білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдениет, және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Аудандық мәслихаттың кезекті XXХIІІ-ші сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелері қаралды.
1-ші мәселе бойынша, «Аудан әкімінің есебі» тыңдалды.
Аудан әкімі Т.Шакиров 2024 жылы Тасқала ауданының әлеуметтік–экономиқалық дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
2-ші мәселе бойынша, аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиеваның «Аудандық мәслихатының VIII шақырылымдағы депутаттарының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы» есебі тыңдалды.
3- ші мәселе бойынша, 2024 жылғы аудандық және ауылдық округтердің
бюджеттерінің атқарылуының жылдық есептері тыңдалды.
Бірінші сөз алған, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастембекова жергілікті бюджеттің орындаулуына талдау жасап, 2024 жылы аудан бюджеттің негізгі параметрлерінің басым бөлімі орындалғаның, бюджеттің кірістер бөлігінің орындалуы бойынша және нақты шығындарын атап өтті.
Округ әкімдері ауылға бөлінген бюджет қаражаттары бойынша жоспардың орындалуын және қанша пайызға игерілгенің түсіндіріп өтті.
Қорытында баяндама ретінде облыстық тексеру комиссиясының жергілікті атқарушы органдардың тиісті есебіне қорытындысымен аудандық мәслихат аппаратының басшысы Д.Махашева таныстырды.
4-ші мәселе бойынша, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастембекова «2025 жылы Тасқала ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» шешім жобасымен таныстырды.
Бірлескен отырыс соңында комиссиясының төрағасы Е.Көшербаев ұсынылып отырған шешім жобаларын, депутаттардың айтқан ұсыныстарды ескере отырып, сессияда бекітуге ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/taskala-maslihat/press/news/details/995473?lang=kk
Жауап қалдыру