
«Хамелеон» декор студиясының жобасы – шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың сәтті үлгісі
Батыс Қазақстан облысында шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламасы аясында түрлі қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, мемлекеттік кепілдіктер беру, жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу және бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік гранттар қарастырылған.
Мемлекеттік қолдаудың табысты жүзеге асырылған жарқын мысалдарының бірі – «ИП ИМАР» компаниясы іске асырған «Хамелеон» эксклюзивті декор студиясының жобасы. Мемлекеттік гранттың арқасында кәсіпорын тек ерекше жиһаз өндіру идеясын жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар өнім түрлерін де едәуір кеңейтті. Бүгінде компания тұрмыста да, бизнес саласында да сұранысқа ие әртүрлі үлгідегі трансформер үстелдерін шығарады.
Жоба аясында бес жаңа жұмыс орны ашылып, бұл жергілікті экономиканы дамытуға және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге елеулі үлес қосты.
«Хамелеон» жобасы – мемлекеттің тиімді қолдауы кәсіпкерлік бастамалардың дамуына және өсуіне қалай серпін беретiнiн көрсететін айқын мысал.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kasipkerlik/press/news/details/994976?lang=kk
Жауап қалдыру